Кім мұсылман: Мүфти ме, поп па?
Қазақстанның православие шіркеуінің иеромонах Яков Воронцов Қазақстанды ҰҚШҰ (ОДКБ) және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мүшелігінен шығуға және Ресейдің Мәскеу епархиясының қызметіне тыйым салуға шақырған болатын. Өкінішке қарай діндарды осы мәлімдемесінен кейін қызметтен аластапты. Бірақ Яковтың батыл азаматтық ұстанымы бәрімізді тәнті етті.
Ал бүгін Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы Астанада коммунист шалдарды жинап «Қариялар ел қазынасы» атты республикалық форум өткізіп, Қаңтар көтерілісі кезінде жастар жалған ұранға ілесіп кетті деп айтқан көрінеді. Мүфтидің ойынша Қаңтар қырғынында қаза болған азаматтар алаңға шығуға еш себеп жоқ көрінеді. Әділетсіз сайлау арқылы 30 жыл халықты қайыршы күйге жеткізген билік туралы мүлде жақ ашпайды. Әйтсе де ол «патшаға қарсы шығу Құдайға қарсы шығу» деп уағыз айтып келді.
Мүфти мен поптың әрекетінен кейін менің ойыма кім мұсылман деген сұрақ келді. Шынында сіздің ойыңызша кім мұсылман?
Серік ЖОЛДАСБАЙ