кім кінәлі және не істеу керек?

0

Алматыдағы қоғамдық көліктер 22.30-дан 23.30-ға дейін жұмыс істеуі тиіс, бірақ кейбір автобустардың бағыты 21.00-ден кейін тоқтайды.

Автобус уақытында келмесе, қайда шағымдану керек?

Автобус уақытынан кешігіп жатса, City Bus және “Оңай” қосымшасы арқылы кез келген қоғамдық көліктің орналасқан жерін қадағалауға болады. Ал 21.00-ден кейін автобус келмеген жағдайда Алматы тұрғындары Алматы көлік холдингінің орталық диспетчерлік басқармасына 8 (727) 397-01-97 қоңырау шалып, қай автобустың қай жерде екенін біле алады.

Сонымен бірге кесте мен интервал бұзылған жағдайда жүргізушіге немесе тасымалдаушыға қатысты шағым түсіруге болады. Ол үшін жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасына 8 (727) 271-65-47 (қабылдау бөлімі), 8 (727) 262-20-49 нөмірлері бойынша (мамандар) қоңырау шалып, автобустың қозғалыс кестесі немесе интервалды бұзған уақытын, күнін, орны мен маршруттың нөмірін көрсету қажет.

Егер автобус жүргізушінің кінәсінен кешіксе, оны тасымалдаушы жазалап, сыйақыдан айырады. Ал автобус тасымалдаушының кінәсінен уақытында келмесе, онда басқарма кешігу себептерін анықтап, кемшілікті болдырмауды сұрайды. Егер тасымалдаушы кестені бұзуды жалғастырса, қызмет көрсетуге арналған шарт бұзылып, маршрут жаңа конкурсқа қойылады.

Тасымалдаушылар кестені бұзғаны үшін қалай жазаланады?

Мемлекеттік бюджеттен қамтамасыз етіліп отырған автобустар қас қарайғанша жұмыс істеуі тиіс.

Егер маршруттардың қызмет көрсетуі 100% болмаса, кем дегенде 85,90% болса, олардың субсидияларынан қандай да бір пайызды алып тастайды. Ал есептеу әдісіне сәйкес жүйелілік 100% болуы керек. Маршруттар сағат 07.00-де жұмысқа 100% шығатын болса (барлық автобустар), сағат 20.00-да бақылау белгісінде тұрақтылық 100% болуы керек. Қазір барлығы тапсырманы орындауға тырысады, – деді басқарма өкілі.

Егер маршрут 80% жұмыс істесе, онда келесі субсидияны алатын кезде тасымалдаушыға 20% қосымша ақы төленбейді. Сонымен бірге тасымалдаушыға қатысты бес рет шағым түссе, субсидиядан пайыздарды алып тастауы мүмкін.

Алматы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының ақпараты бойынша Алматыдағы 115 автобустың 60-қа жуығын мемлекет қаржыландырады. Олар: № 19, 22, 44, 56, 57, 67, 69, 70, 98, 103, 115, 125, 137 және тағы басқа.

Субсидия алудың басты шарттарының бірі – жаңа автобустардың берілуі.

Дереккөз: Baribar.kz