Ким Кардашьянның маскалары бірнеше минутта сатылып кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Америкалық танымал жұлдыз және фотомодель Ким Кардашьян тері түстес қорғаныс маскаларын шығарды және олар бірнеше минут ішінде сатылып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ким Кардашьянға тиесілі Skims коррекциялық іш киім бренді Instagram-да маскалар топтамасын жариялады. Маскалар сегіз доллардан сатылды. Компания сонымен қатар төрт қайырымдылық ұйымына 10 мың маска сыйға тартылатындығын мәлідеді.

«COVID-19-бен күресуге және дәрігерлерді қорғауға көмектесу үшін Skims қайырымдылық қорларына 10 мың бет маскаларын береді, сонымен қатар миллион доллар қайырымдылыққа беріледі», — делінген басылымда.

Маскалардың бірінші бөлігі сатылым басталғаннан кейін, бірнеше минут өткен соң сатылып кетті.

«Өкінішке орай, барлық Skims бетперделері сатылып кетті. Бірақ біз Лос-Анджелестегі серіктеспен неғұрлым тезірек бетперде тігуді келісіп жатырмыз. Маскалардың екінші партиясы келесі аптада шығарылады», — деп түсіндірді Skims өкілдері

 

stan.kz