Ким Чен Ын ядролық сынаққа қойылған мораторийді алып тастады

0

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын ядролық қарулар мен құрлықаралық баллистикалық ракеталарды сынауға қойылған мораторийді алып тастады. Ол алдағы уақытта Солтүстік Корея қарудың жаңа түрін көрсететінін мәлімдеді. Бұл туралы халықаралық ақпарат агенттіктері хабарлады.

Ким Чен Ын АҚШ-ты Оңтүстік Кореямен біріккен жаттығу өткізгенін сынады.

Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Солтүстік Кореяны “райынан қайтуға шақырып”, Вашингтон бейбітшілікті қалайтынын жеткізді.

Желтоқсанның басында Солтүстік Кореяның БҰҰ-дағы елшісі Ким Сонг АҚШ-пен ядролық қару бойынша келіссөз жүргізбейтінін мәлімдеген. Кейін Пхеньян “өте маңызды сынақ” жүргізгенін хабарлаған.

2018 жылдың маусымынан бері АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын үш рет кездесіп, Солтүстік Кореяны ядролық қарусыздандыру мәселесін талқылаған. Бірақ кездесулерден нәтиже шықпады.

Биылғы мамырдан бері Пхеньян кем дегенде 13 рет ракета сынаған.

Azattyq