Ким Чен Ын Дональд Трамппен кездесу үшін Вьетнамға келді

0
95
Advertisement

Ақпанның 26-сы күні Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу үшін Вьетнамға келді. Ұшақты ұнатпайтын басшының пойызы Қытаймен шекарадағы Лонг-Сон провинциасының Донг-Данг станциясына келді. Оны Вьетнамның жоғары лауазымды қызметкерлері қарсы алды.

Салтанатты кездесуден кейін Ким Чен Ын көлікке отырып Донг-Дангтан 170 шақырым жердегі Вьетнам астанасы Ханойға кетті.

АҚШ пен Солтүстік Кореяның екінші саммиті сәрсенбі мен бейсенбі күндері өтеді. Бұл сегіз ай бұрын Сингапурда өткен Трамп пен Кимнің тарихи кездесуінен кейінгі екінші бас қосуы. Кездесу нәтижесінде Солтүстік Кореяның ядролық қарусыздандыру мәселе шешілуі тиіс.

Азаттық

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз