кім бастады және енді не болады

0
25

Нарықта мұнай бағасы арзандады. Ал оқиғаның қалай басталғанын, қазір не болып жатқанын білу үшін оның хронологиясын жасап, дүрбелеңге шолу жасау қажет

Өткен жұмада ОПЕК кездесуі өтті. Риа Новости кездесуден кейін туған дүрбелеңге қатысты батыстың БАҚ беттерінде жарияланған мәліметтерге шолу жасады.

«Бейсенбіде ОПЕК министрлері 2020 жылдың соңына дейін күніне 2,1 миллион баррель өндірумен қатар, қосымша 1,5 миллион баррель мұнай өндіруді қолдайтынын мәлімдеді. Бұл нарықтан күніне шамамен 3,6 миллион баррельді алып тастау немесе әлемдік жеткізілімнің 3,6%-тін шығарып тастау дегенді білдіреді. Жұма күні Мәскеу бұл ұсынысты қабылдамай, күніне 2,1 миллион баррель мұнай өндіру туралы келісімді наурыздың соңына дейін ұзартуға дайын екенін мәлімдеді. Алайда ОПЕК қолданыстағы келісімді ұзартудан бас тартты», – деп жазды британдық Reuters агенттігі.

Оқи отырыңыз: Мұнай бағасы қанша болғанда Қазақстан экономикасына қауіп төнеді 

Мақала авторының айтуынша, Ресей ештеңе бұзбады. Ал ОПЕК серіктестері «Битке өкпелеп, тонын отқа жағу» стратегиясын Ресейге қарсы қолдануға шешім қабылдады. Алайда бұл стратегияны қолданбас бұрын көрші Украинаның алты жылдан бері мұны жүзеге асыра алмай келе жатқанын байқаған-байқамағаны белгісіз. Сондықтан оларға өмірлік тәжірибе алуға кедергі келтірмейміз, дейді автор.

Сондай-ақ, Reuters басылымы «Ресей дүрбелеңге салынбай, бәрін өз орнында қалдыруды ұсынды. Ал ОПЕК өкілдері келісімге келудің орнына бәрін жою принципіне бет бұрды. Салдарынан максималды түрде барлығына зиян келеді. Яғни, ОПЕК серіктестері «мұнайды белгіленген мөлшерде өндіруді жалғастыру» мен «бәрін тоқтатып, нарықты құлату, бәріне зиян келтіру» деген екі нұсқаның екіншісін таңдап отыр» деп жазды.

Ресейдің батыстағы серіктестері мұнай бағасының құлдырауына Сауд Арабиясы кінәлі деп санайды. Мысал ретінде америкалық CNN телеарнасының «Мұнай 1991 жылдан бастап құлдырады: Сауд Арабиясы баға соғысын бастады» деген мысалын келтірген.

Сондай-ақ, Financial Times басылымы «Мұнайдың күйреуі: неге Сауд Арабиясы жаһандық мұнай бағасы соғысын бастады» деп жазған.

«Сауд Арабиясы нарықты құлатып қана қоймай, бүкіл әлемге мүмкіндігінше ауыр түрде қиындық тудыруға тырысты. Ел басшылығы сәуірден бастап нарық бағасын салыстыра келе, мұнайдың баррелін кез келген адамға 10 долларға сататынын мәлімдеді. Сондай-ақ, күніне 3 миллион баррель мұнай өндіре алатындары туралы хабарлады», – дейді автор.

Соған сәйкес, мұнай бағасының құлдырауына 3 фактор әсер етеді.

Біріншісі, коронавирустың әлем экономикасына әсері. АҚШ пен Еуроодақ елдеріндегі дүрбелең салдарынан мұнайға деген сұраныс азайды.

Екіншісі, ОПЕК келісімінің тоқтуы. Үшіншісі, Сауд Арабиясының жеңілдік жасап, мұнайды 10 долларға сату туралы хабарламасы.

Мақала авторы Иван Даниловтың айтуынша, көптеген жыл бойы Ресей мақсатты түрде қандай да бір геосаяси, дипломатиялық немесе экономикалық себептерге байланысты мұнай бағасының құлдырауына дайындалып келген.

Осы тұста Сауд Арабиясының доллар бағамына қатысты белгіленген риалын еске салған жөн. Бюджет тапшылығы жылына – 50 миллиард доллар, бұл  ЖІӨ-нің 6,5 процентін құрайды. Бұл Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 60 доллардан, ал бюджетті теңдестіру бағасы (2019 жылдың қазанынан бастап Al Rajhi Capital есептегенде) барреліне 71 доллардан болған кездегі көрсеткіш. Мұндай жағдайда Сауд Арабиясының валюта резервтері (шамамен 501 миллиард доллар – 2020 жылдың қаңтарындағы дерек) өте қысқа уақытқа жетеді, себебі Сауд Арабиясы бюджетінің 87 процентін мұнайдан түсетін қаржы құрайды.

Бұл тұрғыдан алғанда Ресейдің едәуір қаржылық тұрақтылығы байқалады. Ресей қаржы министрлігінің мәліметінше, елдегі мұнай мен газдан түсетін пайда – 40,8 процент.

Bloomberg компаниясының энергетика саласының маманы Хавье Бласс 1986 жылы болашақ президент Буштың Сауд Арабиясына мұнай бағасын жеке өзі шешуді тоқтату талабымен барған сапарын еске алды.

Ал бұл жағдайды АҚШ-тың мұнай мен газ секторларына жасалған тікелей қауіп деп бағалап отыр. Себебі АҚШ-тың жалпы ішкі өнімінің 7 пайызы мен еңбек нарығының едәуір бөлігі мұнаймен тығыз байланысты.

18 наурызда ОПЕК-тің техникалық комитетінің жиыны өтеді. Ал бұл кездесу аталған жағдайдың оң шешімін табуына септігін тигізуі бек мүмкін. Ал Ресей қандай шешім қабылданса да,  қаржы нарығындағы тұрақсыздық ұзақ уақытқа созылуына қарамастан төзе алатынын мәлімдеді.



sputniknews.kz