Киімдерін сатылымға шығарған Қайрат Нұртастың анасы жұрттың сынына қалды (фото)

0

Қайрат Нұртастың анасы Instagram парақшасы арқылы киімдерін сатылымға шығарып, елдің сынына ұшырады деп жазады NUR.KZ.

Instagram парақшасында киімдерін 50 пайыз жеңілдікпен сатылымға шығарған Гүлзира Айдарбекова жұрттың сынына ұшырады.

Жазбаны оқығандар «Біреудің қаңсығы біреуге таңсық деген. Оны қайда киіп барасың?», «Тегін-ақ таратып берсеңізші, солай жақсы болады», «Сыйлық жасасаңыз, қуанып қалатын едік»,

«Адамға еш нəрсе жақпайды. Скидкамен берсе ол да ұнамайды, ертең тегін таратса, мастанған деп те айтады. Ой, қазағым ай. Ешқашан еш нəрсе жақпайды» деген пікірлер қалдырған.

Арада екі-үш сағат өткен соң Қайрат Нұртастың анасы киімдерін не үшін сатып жатқандығын толығырақ түсіндіріп, жазба қалдырды.

Онда Гүлзира Айдарбекова Тараз қаласында тұратын жағдайы төмен келіншекке көмектіскісі келетінін, сол үшін киімдерін жаппай сатылымға шығарғанын жазды.

Сондай-ақ келіншектің күйеуінің ішкілікке салынғандығын, қыстың суығында есігі мен едені жоқ үйді паналап отырғандығын, алты айлық баласы мен алты жастағы қызының аш отырғандығын жеткізді.

«Осы отбасын жылы әрі ыңғайлы пәтерге көшіріп, тамақтарын жеткізіп отырсақ деп ойластырып отырмыз. Алла, қара көздерімізді нақақтан жылатпасын», — деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.

https://www.instagram.com/p/BrwfoJ4Fa_U/?utm_source=ig_embed