Киевте қыз баланы құтқарып қалған шымкенттік жігіт марапатталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Киев қаласындағы әуежайда қызды құтқарған сержант Алексей Кудиенко «Бауыржан Момышұлы Батыр Шапағаты» медалімен марапатталды.

Киевте қыз баланы құтқарып қалған шымкенттік жігіт марапатталды

Ұлттық гвардия 6506 әскери бөлімінің командирі Қайрат Үмбетов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы ардагерлер кеңесі атынан сержант Алексей Кудиенкоға «Бауыржан Момышұлы Батыр Шапағаты» медалін табыс етті. 

Қайрат Үмбетов Алексейдің батылдық танытып, оның шебер әрекеттері арқасында адамның өмірі құтқарылғанын атап өтті.

«Сержант Кудиенко, демалыс кезінде батыл іс-әрекеттер жасады. Әскери бөлімнің командасы мен барлық қызметкерлері оның әрекетін жоғары бағалайды. Біз оны мақтан тұтамыз. Оның үлгісінде біз жас жауынгерлерді, болашақ ұрпақты тәрбиелейтін боламыз », — деп атап өтті полковник Үмбетов.

Бұдан бұрын шымкенттік жігіт Киевтегі әуежайда баланы құтқарған еді. Ол ҚР Ұлттық Гвардиясының сержанты Алексей Кудиенко болып шықты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz