Киевте ашулы жүргізушіні бағанаға скотчпен орап тастады

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Жол апатына түскен жүргізуші басқа көліктегі адамдарға жұдырық ала жүгірген

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір — Sputnik. Киевте адамдар ашуға ерік берген Ford көлігінің жүргізушісін бағанаға скотчпен орап тастауға мәжбүр болды.

Скотчпен оралған ер адамның видеосы Facebook әлеуметтік желісіндегі «Киев оперативный» тобында жарияланды.

Желі қолданушыларының жазуынша, бұған дейін жанармай құю бекетінде жол апаты болыпты. Ford автокөлігі басқа көлікпен соқтығысқан. Осыдан кейін жүргізуші мен қасында отырған әйел көліктен атып шығып, екінші көліктегі адамдарға жұдырық ала жүрген, деп жазады life.ru.

Ал олар болса, ашулы жүргізушіні осындай жолмен сабырға шақыруға мәжбүр болған.



sputniknews.kz