Кибербуллинг туралы заң қабылданды

0

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында  депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерісті мақұлдап, қолдады.

Мәулен Әшімбаев өз сөзінде:

«Мұндай тәртіп балаларға қатысты кибербуллинг фактілеріне жедел назар аудару мен қоғамның ақпаратқа деген сұранысы арасындағы теңгерімді ортаны табуға мүмкіндік береді деп сенеміз. Біздіңше, мұндай қадам «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасына және Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың мазмұнына сай келеді»,- деді ол.

Сонымен қатар, палата басшысы осы заң жобасын әзірлеген Айдос Сарым мен Динара Зәкиеваға алғысын білдірді.

Балаларға қатысты кибербуллинг заңың сенаторлар оны мемлекеттік органға емес, арнайы құрылған сарапшылар тобына шешуді ұсынды.

(ақпарат: nege.kz, фото: ашық ақпарат көзі)