КХДР концлагерлердегі тұтқындарды көмір өндіруге пайдаланады
КХДР билігі саяси тұтқындарды, соның ішінде балаларды көмір өндіруге пайдаланады.
Кеңсесі Сеулде орналасқан Солтүстік Кореядағы адам құқықтары үшін азаматтық альянсы осындай тұжырым жасады, деп хабарлады Reuters.
Адам құқықтарын қорғау ұйымы «Солтүстік Кореяның қанды көмір өндірісі: билік құрылымдарына дем беретін табыс пирамидасы» деп аталатын баяндама әзірледі. Құжатта концлагерлердегі саяси тұтқындар көмір кендерінде жұмыс істейтіні айтылған.
БҰҰ Солтүстік Кореяға көмірді шетелге сатуға тыйым салған. Бұл санкция Пхеньянның жаппай қырып жоятын қару өндірісіне қажетті қаражаттың жолын кесу мақсатында енгізілген. БҰҰ мәліметі бойынша, Солтүстік Кореядағы еңбек лагерлерінде 200 мыңға жуық тұтқын отыр. Лагерлер кен өндірістеріне жақын орналасқан.