КГБ экс-тыңшысы, Путиннің курстасы: АҚШ Путин мен оның бункері қайда екенін біледі

0

КГБ-ның бұрынғы барлау қызметкері, Ресей президенті Владимир Путиннің бұрынғы курстасы Юрий Швец американдық барлау қызметтері Кремль басшысының қайда екенін біледі деп санайды.

Бұл пікірін ол Алеся Бацманға берген сұхбатында айтты.

– Егер Кремльдегі бұл ақылгөйсымақтар өздерін ең айлакер деп есептесе және олардың кей кездері қайда екені белгісіз болса, онда олар қатты қателеседі. Ресей қарулы күштері Бас штабының басшысы, генерал Валерий Герасимов мұны жақсы түсінеді, – деді Швец.Бацман «американдықтар Путиннің дәл қазір қайда екенін, оның бункері қайда екенін біле ме?» деп нақтырақ сұрақ қойды.

– Мен бұған сенімдімін, – деп жауап берді Швец.

Украина мен Ресей арасынағы соғыс

2022 жылдың ақпан айының соңында, Украинаға басып кіргеннен кейін көп ұзамай Ресей президенті Владимир Путин Ресей әскеріне ядролық қаруы бар тежеу ​​күштерін арнайы дайындық режиміне көшіруді бұйырды. Кремль басшысы өз шешімін НАТО елдерінің жоғары лауазымды тұлғаларының Ресейге қарсы «агрессивті мәлімдемелерімен» түсіндірді.

АҚШ Путиннің шешімін айыптады. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки Ресей президенті «бұдан әрі агрессияны ақтау үшін жоқ қауіптерді тудырады» деп мәлімдеді. Пентагонның пайымдауынша, егер Украина Ресей басқыншылығынан сәтті қорғанбаса, Путин Батысты ядролық қарумен қорқыта береді.

23 наурызда НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейдің ядролық қаруды қолданамын деп қорқытуын «қауіпті және жауапсыз» деп атады.

– Ресей өзінің ядролық қаруын бұлдауын тоқтатуы керек. Бұл қауіпті және жауапсыз. НАТО барлық одақтастарын қорғау үшін Ресейге ядролық соғысты жеңуге болмайтыны мен ешқашан жүргізілмеуі керектігі туралы өте айқын хабарлама жібереді, – деді Столтенберг.

Қытай сабырға шақырды. Қытай сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ван Вэнбин барлық тараптар сабыр сақтап, одан әрі шиеленісуден аулақ болуы керек екенін айтты.

Украина сыртқы істер министрлігі бұл Украина мен Ресей арасындағы келіссөздердің бірінші раунды басталар алдында украин делегациясына қысым көрсетудің бір түрі деп есептейді.