Кезектен тыс сайлауда қазақстандықтардың 77,4%-і дауыс берді

0

Жалпы сайлауға дауыс беруге құқығы бар қазақстандықтардың 77,4%-і сайлауға қатысты. Бұл туралы ОСК мүшесі Ләззат Сүлейменова Нұр-Сұлтанда өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Alt

Сағат 20:00 кезінде Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында және Қазақстанның 9 өңірінде дауыс беру аяқталды. Елорда уақыты бойынша сағат 21:00 кезінде Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында дауыс беру тоқтады. 

Ақмола облысында халықтың — 83,4%, Ақтөбеде — 84,95, Алматыда — 89%, Атырауда — 71,2%, Шығыс Қазақстанда — 84,9%, Жамбылда — 81,3%, Батыс Қазақстанда — 66,3%, Қарағандыда — 77,3%, Қызылордада — 81,6%, Қостанайда — 84,1%, Маңғыстауда — 68,9%, Павлодарда — 81,2%, Солтүстік Қазақстанда — 79,8%, Түркістанда — 84,8%, Нұр-Сұлтанда — 68,95, Алматыда — 52,2% және Шымкентте — 67,6 процент дауыс берді. 

Дауыс беру қорытындылары учаскелерде 12 сағат бойы жүргізіледі. 20 сағат ішінде сайлаушылардың — 77 проценті, 16 сағатта — 65,9 проценті, 14 сағатта — 51,8 проценті, 12 сағатта — 35,1 проценті, 10 сағатта — 12,8 проценті дауыс берді. 

stan.kz