«Кездесуге асыққанда сұраймын»: Досаев Алматыда жүргенде өзіне бағдаршамның жасыл жануына тапсырма беретінін жасырмады

0

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалада жүргенде өзіне бағдаршамның жасыл түсін жағуды сұрайтынын мойындады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Сіз жұмысқа барар уақытта бағдаршамның  барлығы жасыл жанады дейді. Осы қаншалықты рас?”,- деп сұрады БАҚ өкілі әкімнен.

Досаев халықпен кездесуге асыққанда бағдаршам түсін жасылға жағып қоюға тапсырма беретінін ашып айтты.

“Осы қаланың ішінде басқалар сияқты жүремін. Бірақ уақыт-уақытымен керек болғанда иә ондай сұрақтармен шешемін. Өйткені кездесуге уақытында келу керек. Халықпен кездесу бар, басқа да кездесулерге шыққанда. Көбінесе мен әкімшіліктен шықпаймын. Алдымда немесе артымда  жүретін  (мигалка) автокөліктер жоқ”,- деп жауап берді қала әкімі.