«Кез келген алауыздық Ресейдің өзіне зиян әкеледі»: Тоқаев Қазақстанға көп сын айтатын ресейлік «қайраткерлерге» қарсы жауап берді

0
6365

XXV Петербург Халықаралық экономикалық форумында cөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарапына негізсіз шабуыл жасап жүрген ресейлік депутаттарға наразылығын білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Мен осы сәтті пайдаланып, бәлкім бұл орынсыз болуы да мүмкін, дегенмен, бірқатар ресейлік депутаттардың Қазақстан тарапына мүлдем дұрыс емес мәлімдемелеріне қатысты наразылығымды айтқым келеді, былайша айтқанда олардың мәлімдемелері негізсіз. Олардың қатарында журналистер мен тіпті мемлекет қайраткерлері де бар», — деді Тоқаев жұма күнгі өткен форумда.

Мемлекет басшысы Путинге басқа мемлекеттерге, әсіресе біздің елге қатысты ұстанымын толық көрсеткені үшін ризашылығын білдіретінін жеткізді.

«Шынында да, бізде қандай да бір жолмен асыра сілтеп көрсететін мәселелер жоқ. Барлық алауыздық біздің халқымыз бен Ресей Федерациясының өзіне де зиян әкеледі. Бұл мәлімдемелер мен үшін мүлдем түсініксіз. Бұл қайраткерлердің кімге көмектескілері келіп жүр, кейде тіпті Қазақстан басшылығының шешімдеріне немесе біздің елде болып жатқан оқиғаларға қатысты біртүрлі пікір айтады», — деді Тоқаев.