«Кетті, бірақ әлі де қалды» – Досым Сәтпаев не дейді

0

«Оның кетуімен президент лауазымы кенеттен екінші дәрежелі болып қалды», деген пікір бар.

Елбасы, Ұлт Көшбасшысының кешегі президент өкілеттігін тоқтату туралы мәлімдемесі қазақстандықтар үшін күтпеген жаңалық болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілер әртүрлі пікірлер мен реакцияларға толып кетті.

Мәселен, белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаев та өзінің бір ауыз пікірін жазуды ұйғарыпты.

Ол кетті, бірақ әлі де қалды. Оның кетуімен президент лауазымы кенеттен екінші дәрежелі болып қалды, өйткені оның үстінен «ұлт көшбасшысы» және «Қауіпсіздік кеңесінің өмір бойғы төрағасы» төніп тұр, дейді Сәтпаев.

Саясаттанушы билік ауысуының сценариін көрші өзбек елімен салыстыра келіп, өз болжамын жасады.

Жалпы, Ақорда өзбек тәжірибесін мұқият бақылаған сияқты әсер қалдырады, оларда Ислам Кәрімовтың күтпеген жерден дүние салуы кейін оның отбасы мен жақын ортасының әлсіреуіне әкеп соқты. Ол бұрынырақ қимылдауды шешкен сияқты. Бірақ оның құрған жүйесі экс-президенттің көзі тірісінде ғана басқарыла алады. Ары қарай не болатынын ешкім білмейді,

— деп аяқталады саясаттанушының facebook желісіндегі жазбасы.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

kaz.zakon.kz