«Кетші, өтініш»: Майғазиев Түнтековтен Қазақстаннан кетуді өтінді

0

Белгілі әнші Сәкен Майғазиев өнердегі бауыры, талантты әнші Қайрат Түнтековке осылай кеңес берген. Бұл видео желіде тез тарап, қызу талқыға түсуде.

Видеодан байқағанымыздай, Сәкен Майғазиев «Егіз лебіз» бағдарламасында қазылық етіп отыр.

Қайрат Түнтековтың өнеріне баға берген ол:  «Қайрат, мені білесің ғой. Баяғы 2016 жылы Дималекпен!(Димаш Құдайберген) үлкен концертте «шетелге кетші» деген ағалық ақылымды айтқан болатынмын. Сен де кетші, өтініш! Сенің де шетелдік байқауларды бағындырып келгеніңді қалаймын! Бүкіл жалқаулықты, еркелікті тастау керек» деп кеңес береді.

Мұны көрген көрерменде де Қайрат Түнтековтың талантына бас иетіндерін айтып, оған қолдау білдірген.