КешYou-дің экс-әншісі жүктілігінің сегізінші айында киноға түсті — Қазақстан жаңалықтары

0

Бір топта өнер көрсеткен Сара Амангелді мен Элизат Берікова түсірілім алаңында қайта бас қосты. Қос құрбы «Мен сені сүйемін» атты фильмге түсіп жатыр. 

Элизат Берікова

Бұл туралы Stan.kz НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Екі ғашықтың бір-біріне деген сезімін көрсететін фильмнің бас продюсері — Гүлнұр Мамасарипова. Басты рөлді продюсердің үлкен қызы, жас өнер иесі Сара Амангелді сомдайды. Фильмдегі актерлік құрам да Сараның қалауына сай таңдалған ұқсайды. 

«Актерлік құрам маған қатты ұнады. Адамды сезіну ғой. Бұл жақта да әріптес ретінде маған ыңғайлы болып тұр. Әр адамның бейнесі өзіне жарасып тұр. Сондықтан маған ойын жағынан оңайырақ келеді», — дейді Сара Амангелді.

Бұрынғы топтасы Элизат Берікова да Сараның ұсынысымен фильмге шақырту алған. Элизат жүктілігінің сегізінші айында жүрсе де, құрбысының бетін қайтара алмапты. 

«Қазір өзі екіқабат. Бірақ сонда да келіп, сегізінші ай болса да, кәдімгідей қанша сағат, бестен келіп, осында түсіп, он екіге дейін тұрып. Қатты риза болдым. Сондықтан да, осы жақта да менің құрбым болып ойнайды», — дейді Сара Амангелді. 

stan.kz