Кеше кешке науқастың мекенжайын сұраған емхана дәрігерін зорлап кетті

0

Ресейде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Жәбірленуші болған жайтты құқық қорғау органдарына хабарлаған. «Зорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Ресейде ер адам науқастың үйін табуға көмектесуді сұраған дәрігерді зорлап тастады. Бұл туралы РФ Саратов облысы бойынша тергеу комитеті хабарлады.   

Шымкентте такси жүргізушісі қызды ұрып-соғып, зорлап тастады

Тергеушілердің мәліметінше, 16 қыркүйек күні сағат 17:30 шамасында (Нұр-Сұлтан уақытымен – 20:30) Саратовтың Киров ауданындағы емхананың дәрігері Завокзальный елді мекеніндегі науқастың үйіне жолға шыққан. Ол бейтаныс адамнан қажетті мекенжайды табуға көмектесуін өтінген.

«Жолда келе жатқанда қаскүнем айналада ешкім жоқ екеніне көз жеткізіп, әйелдің мойнынан ұстап, жерге құлатып, зорлаған, содан кейін қылмыс орнынан ізін жасырған», — деп жазылған хабарламада.

Жәбірленуші болған жайтты құқық қорғау органдарына хабарлаған.

«Зорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті іздестіріліп жатыр.  



sputniknews.kz