«Керемет идея»: блогер педофилдерді анықтаудың түркиялық әдісін атап көрсетті (ВИДЕО)

0

«Кезінде ІІМ басшылары «Педофилдердің 70 пайызы – туған әке, өгей әке, атасы, ағасы, туыс ағалары» деп мәлімдеген. Бұл азғындардың қылмысын кім жасырады? Оңбаған әйелі, әке-шешесі», — дейді Кәмшат Тасболат.

«Осыдан дәл 7 жыл бұрын (31/07/13) Түркиядағы бір интернет қауымдастық мүшелері әлеуметтік желіде жас қыз аккаунттарын ашады да, потенциал педофилдермен жазысқан скриншоттарын тиісті органдарға тапсырады. Солай бірнеше педофилдің базасы жасалады.

1 жылдан кейін, 2014-тің 1 сәуірінде Стамбулдағы танымал көше – Истиклял көшесіндегі бір банктың алдында 19:00-де кездесуге шақырады, тағы да жаңағыдай фейк аккаунтпен танысқан педофилдерді. Дәл сол жерде әкімдік вебкам қойған екен, яғни онлайн көріп отырасың көшедегі қозғалысты. Жас қыздармен кездесуге бірнеше педофил келеді.

Бізде де істеуге болатын нәрсе. Потенциал педофилдар базасын дайындап, көп нәрсенің алдын алуға болады солай. Фейк аккаунттардың кейде сондай пайдасы болады», — дейді ол.

Желі қолданушылардың жартысы «Керемет идея. Тек өкіметтің жұмыс істеуі керек», «Осылай жасау керек біздің ІІМ» деп бірден құптай кетсе, екінші жартысы «Біздің педофильдер интернетке кірмейді ғой сол, ілеуде бірі болмаса», «Арандатуға айналып кетеді соңы» дегендей күмән келтіріп отыр.

Осы орайда, журналист Жәнібек Нұрыш: «Қай бір жылы Австралияда ма, Оңтүстік-шығыс Азияда ма, журналистер кішкентай қыздың аккаунтымен тіркеліп, солай педофил пиғылдағы адамдарды анықтаған. Сосын жасанды интеллект жасап, ол да солай педофил пиғылдағы адамдармен сөйлескен.

Сосын тағы бір кейс болды, анық есімде жоқ, бірақ, жалпы жұмысы былай: бір кішкентай қыз образын жасап шығады, сосын сол образ атынан аккаунт ашады, адамдармен сөйлеседі, сосын арасындағы педофил пиғылдағылармен не уебкам арқылы интим байланыс құрады или сол адамдар қыздан жалаңаш фотовидеоларын сұратады. Сол арқылы талай педофил пиғылдағыларды анықтаған.

Әлемде мұндай тәжірибелер көп. Тағы бір опыт бар, интернеттен жалаңаш балалардың фото-видеосын іздейтіндерді анықтайды. Сондай іздеуді көп жасайтын адамдарды педофил пиғылдағы адамдар қатарына қосады» деп жазды.

Ал келесі әріптесіміз Камшат Сағынбазарқызы: «Мұндай шаруаны тиісті органдарда арнайы адамдар жасау керек деп ойлаймын. Ол үшін мықты, өз ісіне берілген маман болу керек шығар. Киноларда сіздер сияқты мықты программистер отырады сондай жерлерде, сосын жылдам тауып беріп жатады любой мәліметті. Бізде сондай бар ма?» — деп сұрады Аршат Ораздан.

Әзірге ол сұрақ жауапсыз тұр. Енді Камшат Сағынбазарқызынан кейін Камшат Тасболат атты әріптесіміз де педофилге қатысты өзі білетін бір жайтты алға тартты.

«Педофил деген тек кішкентай қызға емес, ұлға да тиіседі. Мәселен, кезінде биліктегі ағаларымыз айтқан: «Педофилияны журналистер тым дабырайтып көрсетіп жүрген жоқ па деп статистиканы алдыртып едік. Өкінішке қарай, жағдай жазылғаннан да қиын екен. Сосын ұлдарды зорлау фактілері де өте көп» деп.

Тағы бір мәселе, кезінде ІІМ басшылары «Педофилдердің 70 пайызы – туған әке, өгей әке, атасы, ағасы, туыс ағалары» деп мәлімдеген. Бұл азғындардың қылмысын кім жасырады? Оңбаған әйелі, әке-шешесі. Сондықтан заң қылмысты жасырғандарды 6 жылға дейін бас бостандығынан айырады, педофил 20 жылға кетеді. Бізде туыстар, көршілер, қоғам бақылауын күшейту керек.

Ал түрік елінің педофилдермен күрес тәжірибесі жақсы екен. Бұл азғындардың базасын жасап, тіпті, қоғамнан оқшаулау керек. Өз басым өлім жазасын тек террористерге емес, педофилдерге де қолдану керек деп ойлаймын», — деп ептеп эмоцияға да ерік беріп алды ол.

sn.kz