«Керемет дей алмаймын»: Сиви Махмуди күйеуінің табысы жайлы — Қазақстан жаңалықтары

0

Үш жыл қатарынан бала туған Сиви Махмуди өзге әріптестері ұқсап декреттік демалыс кезінде жұмыс істемеген. Себебі оған аса мұқтаж болмағанын айтады. 

Сиви Махмуди

Бұл туралы Stan.kz 7-арнаның «Гу-гу-лет» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ақшаға күнім қарап тұрған жоқ. Басқа да бизнестерім бар, жолдасым бар», — деп түсіндірді Сиви.

Әнші әрі актрисаның бұл сөзіне қарап, жолдасы жоғары лауазымды азамат па дерсіз. Алайда шын мәнінде олай емес сияқты. Бұған қатысты Сиви:

«Ондай керемет деп айта алмаймын. Ақшаның артықтығы жоқ. Бірақ бірінші кезекте балапандар болғаннан кейін, ең бастысы қарным тоқ», — дейді.

Махмуди үш бірдей баласына қолдан келгенше уақыт бөлуге тырысатынын атап өтті. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

stan.kz