керек болса, өз ойымды айтып отырамын

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Сенатта Елбасыға «Құрметті сенатор» төсбелгісі мен куәлігі табысталды

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Құрметті сенатор» ретінде сенатқа келіп тұруға уәде етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін сенат төрағасы Дариға Назарбаева Елбасына «Құрметті сенатор» төсбелгісі мен куәлігін салтанатты түрде табыс етті. Бұл бастаманы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген болатын. Назарбаев өзіне осындай атақ берген жоғары палата депутаттарына ризашылығын білдірді.

Тағы оқыңыз: «Халықтың әл-ауқаты көп деңгейге көтерілді» – Назарбаев

«Енді осы атақпен араларыңызға келіп тұрамын. Керек болса, өз ойымды айтып отырамын. Сіздермен ақылдасып тұрамыз, біраз жігіттің қазір өкілеттігі аяқталып келе жатыр. Оларға рақметімізді айтайық. Келетін азаматтарға табыс тілейік. Бәріміздің істеп жүрген жұмысымыз біреу-ақ – тәуелсіз Қазақстанның болашағы», – деді Назарбаев салтанатты рәсімнен кейін.

«Құрметті сенатор» мәртебесі не береді

30 мамырда сенат депутаттары Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесін беру туралы шешім қабылдаған еді.

Тағы оқыңыз: Дариға Назарбаева Елбасыға «Құрметті сенатор» төсбелгісін тақты – фото

Енді Елбасы сенаттың, барлық комитеттің отырысына, соның ішінде ашық отырыстарға қалаған уақытында қатысып, өзінің ой-пікірін білдіре алады. Құрметті сенаторға жалақы төленбейді.

Бұл мәртебе Қазақстан парламенті сенатының тарихында алғаш рет беріліп отыр.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз