Керчь бұғазындағы төтенше оқиға: екі кеме өртеніп кетті

0
113
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

8 0 0

Бір кемеден екіншісіне жанармай құю кезінде өрт шыққан

АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Қара теңізде Танзания елінің «Канди» және «Маэстро» атты екі кемесі өртенді.

Төтенше оқиға салдарынан 11 адам қаза тапты, тағы 12-сі өлім аузынан қалды, деп хабарлайды РИА Новости Росморречфлот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақ тапқандардың үшеуі құтқарушылардың көз алдында суға батып кеткен, тағы бес адамның тағдыры әлі белгісіз.

Екі кемеде барлығы 32 адам болыпты, бәрі Үндістан мен Түркия азаматтары.

Өрт бір кемеден екіншісіне жанармай құйып жатқанда болған.

Қазір бұғаздағы кеме қозғалысы штаттық режимде жүріп жатыр. Төтенше оқиға аумақтық су шекарасынан тысқары болған.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/