Домой Жаңалықтар Кербұлақ ауданы әкімдігінде төбелес болды (ВИДЕО)

Кербұлақ ауданы әкімдігінде төбелес болды (ВИДЕО)

0
2616

Аудан әкімдігінің ғимаратында тұрғындармен кездесу барысында жанжал шықты, деп хабарлайды kznews.kz сайты

Видеода аудан әкімінің орынбасары мен бір ер адамның жаға жыртысқанын көруге болады.

Оқиға куәгерлерінің сөзінше, 24 қазан күні Қазан ауылдық округінде жергілікті тұрғындар үшін тегін көмір таратылған. Бірақ бірнеше ауыл тұрғыны уәде етілген көмірді ала алмағандығын айтып әкімдікке шағымдарын айтып келген.

Алайда кездесу барысында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан.

Ал әкімді көкілдері қоймалардағы кезекке байланысты, уәде етілген көмірдің кешіктіріліп берілетінін түсіндіруге тырысқан.