«Кенжебектен шығып жатыр түрлі қылық»: «Музарт» тобының концерт алдындағы дайындығы елді күлдіртті

0

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы “Музарт” тобы гастролдік сапарға дайындалып жатыр. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнерлі топ Алматы қаласындағы концертіне дайындалып жатыр.

“Кенжебектің әнсапарға дайындығы сұрапыл енді. Айтпақшы, наурыз айында Алматы қаласында концерт қоямыз. Көрермен сұрауы бойынша, бір күнде төрт концерт болады”, – деп жазды топ мүшесі Сәкен Майғазиев.

Желі қолданушыларын өнер иесінің жүктеген видеосындағы әріптесінің қылығы күлдірді.

“Топтағы ең көңілді жігіт – Кенжебек”, “Бұйра шашты, томпақ бөпе сияқты”, “Қазақстан даусында” әділқазы болғанда Кенжебек мұрнын аспанға керіп отырған”, “Құда баламның арқасы бар”, “Кенжебектен шығып жатыр түрлі қылық”, “Топтағы ең көңілді жігіт”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.

Еске салайық, Сәкен Майғазиев өзін іздеп жүрген әжемен кездесіп, елді сүйсінткенін жазған едік.