Кенжебек Жанәбілов: Мені «Музартқа» ұсынған Тоқтар Серіков ағамыз болатын — Қазақстан жаңалықтары

0

«Музарт» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов топқа қалай келгенін ашық айтты. Кенжебекті Алматыға әкелген де, Мейрамбек Бесбаевқа тапсырған да өзінің туған ағасы екенін мойындады. Өзінің әйгілі топқа келуіне Тоқтар Серіковтің де септігі тиген екен. 

Бұл туралы «Талантым-тағдырым» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кенжебек Жанәбіловтің айтуынша, өзін Алматыға жетектеп әкелген Бақтыба есімді туған ағасы. Мейрамбек Бесбаевқа да інісін табыстап, қасында ертіп жүруді өтінген екен.

«Мектепте оқып жүргенде ән айтып, жарыстарға қатысып, мақтау жүлде алып жүрдім. Кейін аудандағы Мәдениет үйінде қызмет еттім. Шымкенттегі «Тарих және өнер» институтына 2002 жылы оқуға түсіп, 2003 жылы Алматыға келдім. Мені әкелген ағам Бақтыбай. Алматыға келіп, мейрамханаларда ән айтып жүрдім. Бірақ ауылға қайтқым келді. Сол кезде ағам жібермей қойған еді. Кейін Мейрамбек ағаға тапсырды. Өзі бұрыннан танып араласып жүрген екен. Мейрамбек ағалар оның сөзін қабыл алды. Әлі күнге дейін қанатының астына алып, қасынан қалдырмай келеді», — деді Жанәбілов. 

Осылайша әнші «Музарт» тобына кездейсоқ қабылданыпты. Оған өзі де 1 апта уақыт сенбей жүргенін айтады. 

«Мақсат аға топтан кеткен соң, орнына адам іздей бастады. Мейрамбек ағалар мейрамханаларда әнші іздеп жүрді. Мен ол кезде Сәкен ағаның інісі Роман бәріміз жеке топ құрмақ едік. Тоқтар ағам Мейрамбекке «неге қасыңда жүрген Кенжебекті алмайсыңдар?» деп мені ұсыныпты. Кейін Мейрамбек аға мені ұмытып кетсе керек, Сәкен аға есіне түсірген екен. Мейрамбек ағалар осылайша қасында жүрген мені кездесоқ қабылдады. Мен ол кезде ауылда едім. Телефон арқылы айтып, сүйінші сұрағанда 1 апта сенбей жүрдім», — дейді «Музарттың» мүшесі. 

stan.kz