Кентал биылдан қалмай үйленетінін мәлімдеді — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Мысығына деген сағынышы басылған Кентал енді шығармашылығына қайта кіріспек. Әнші жақын арада кезекті лирикалық әнге бейнебаян түсіруді жоспарлап отыр.
Бұл туралы Stan.kz «Гәкку» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Үлкен жоспар бар. Кастинг жариялаймын. Содан кейін «Иная» деген әнге клип түсіремін», — дейді Кентал.
Әншінің айтуынша, түсірілім жұмыстары Алматыда өтеді. Өзгелер сияқты шетелге құмар емеспін, дейді әншінің өзі. Сондай-ақ, Кентал аталған туындының жастарға үлгі болатынын да атап өтті.
«Мұңлы ән. Жастарға үлгі болсын деп осындай ән шығарып жатырмын. Бір-бірін сыйласын, жақсы көрсін, үйленсін деген оймен», — дейді ол.
Сондай-ақ, жасы 30-дан асса да сүрбойдақтардың қатарында жүрген әнші өзінің де қашан үйленетінін айтты.
«Құдай қаласа осы жылы жоспар бар, үйленемін», — деп уәде берді ол.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
stan.kz