Кеңсайдағы жер қазуымен 350 мың, көлік 85, морг 25 мың теңге: Танымал тележүргізуші ауыр кезеңде жерлеу рәсімінің қымбаттығына назар аударды
Танымал тележүргізуші Жанат Бақыт жерлеу рәсіміне кететін шығынның көптігін айтты.
Бұл туралы журналист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
«Кеңсайдағы жерің қазуымен бірге 350 000 теңге (миллионға басын тұрғызуды айтпай-ақ қояйын), ол жерге жеткізетін ритуальный көлігің 85000, моргің 25000 ₸;
Ақшаң бар ма, жоқ па, ешкімге қызық емес.
Бірнеше ай жұмыссыз отырған, дәріге ақша таппай жүргенде жақыны өлген ел қалай жерлерін білмей моргтың алдында сансырап жүр…
«Күніне 20-25 көр қазып жатырмыз» дейді кеңсайдағылар. Егер 5-10 теңге жинаған ақшаңыз болса, ұстап отырыңыз. «На черный день» керек болады» деуші еді ғой баяғыда, міне, сол күн жетті…»