Кенияда шабуылдан АҚШ әскерилері қаза тапты

0

Қаңтардың 5-іне АҚШ-тың әскери базасына жасалған шабуылдан АҚШ қорғаныс министрлігінің бір жауынгері мен келісім шартпен жұмыс істеп жүрген екі әскери мерт болған.

Кения және АҚШ қорғаныс министрлігі бірге пайдаланып отырған Манда-бей әскери-әуе базасына «Әл-Шабаб» террорлық тобы шабуыл жасаған. База Кения мен Сомали шекарасы маңындағы Ламу қаласында орналасқан.

Африкадағы АҚШ әскери күштерінің мәлімдеуінше, шабуыл салдарынан АҚШ қорғаныс министрлігінің тағы екі өкілі жараланған.

Кения әскери қолбасшылығы «бес содырдың көзі жойылғанын» мәлімдеді. Кения әскерилерінің хабарлауынша, қарулы шабуылдың беті қайтарылған, шабуылдан шыққан өрт сөндіріліп, әуежайдың ұшу және қону алаңына еш қауіп жоқ деп хабарланды. Әл-Шабаб тобы өздері шабуыл жасаған ұшақтың суретін жариялаған.

Сомалидегі Әл-Шабаб тобы әл-Қаида террорлық ұйымымен байланыс орнатқан делінеді. Топ пайда болған он жылдан бері аймақта бірнеше шабуыл жасаған.

Azattyq