Кенгуруды қатігездікпен пышақтаған аустралиялық түрмеге жабылды
2018 жылғы 8 желтоқсан 16:04 82
АСТАНА. ҚазАқпарат — Кенгуруды аса қатігездікпен пышақтаған аустралиялық түрмеге жабылды. Бұл туралы 8 желтоқсанда АВС хабарлады.
Мәліметтерге қарағанда ер адам өзінің жауыздық әрекетін видеоға түсірген. Ол кенгуруды машинасымен қуып жетіп, 20 рет пышақ салған, артынша өлген жануардың басынан соққан.
Ол осы әрекеті үшін тергеу изоляторында өткізген уақытын қоса 12 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Яғни, аустралиялық азамат түрмеде бес ай ғана қамауда болады.