Кенет түтіндей бастаған ұшақтан жолаушылар секіруге мәжбүр болды – видео

0

Әуеде ұшақтың ішін қалың түтін басып, жолаушыларға қауіп төндірген

АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Үндістанда 136 жолаушы мінген IndiGo әуеокмпаниясының ұшағы аяқ асты шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Daily Mail.

Оқиға Джайпурдан Калькуттаға аттанған A-320neo ұшағында болған. Куәгерлердің бірі түсірген видеода 136 жолаушының қалың түтін арасында қалғаны көрінеді. Ұшқыштар борттағы адамдарға қауіп төніп тұрғанын ескертті.

Содан соң ұшақ Калькуттаға шұғыл қонып, әуежай қызметкерлері жолаушыларды үрленген траптың көмегімен эвакуациялады.

IndiGo әуекомпаниясының өкілі бортты түтін басып кетуі салдарынан апатты жағдай туындағанын айтты. Әзірге оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 


Дереккөз: https://sputniknews.kz/