Кенесары ханның ұрпағы шіркеуде діни қызметкер болды

0

Кенесары ханның ұрпағы православ діни қызметкері болды. Бұл туралы Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы Самат Нұртаза мәлімдеді.

«Қалай ойлайсыздар, суреттегі жас батюшка кім? Бұл иеромонах — Серафим әке. Шын есімі — Денис Анатолийұлы Кенесарин. Кенесары ханның үшінші ұлы – Ахмет сұлтанның ұрпағы», — деп жазды Нұртаза өзінің желідегі парақшасында.

Ол генеалогиялық ағаш келтірді: Ахметтен — Әзімхан туды, Әзімханнан — Мадияр, Мадиярдан — Анатолий, ал Анатолийден — Денис (Серафим).

«Айтпақшы, Әзімхан Кенесарин «Алаш» қозғалысының белгілі қайраткері. Сталин тұсында реппрессияға ұшырады. Әзімхан түрмеде отырған кезде немересінің есімі Анатолий болады деп те ойламаған шығар. Ал сіздердің немерелеріңіз бен шөберелеріңіз қазақ бола ма?» — деді Нұртаза.

Кенесары Қасымұлы (1802-1847) — қазақ халқының соңғы ханы.