Кенесары ханға Марал ишан сыйға тартқан Құран табылды — Тоқаев

0

Президент қүрылтай барысында жақында архив құжаттарының ішінен мамандар Жүсіпбек Аймауытовтың авторы болып табылатын туындыны тапқанын мәлімдеді.

«Табылған өлең Алаш қозғалысы қайраткерлерінің зияткерлік мұрасының ажырамас бөлігі деп санауға негіз бар. Онда ұлтымыздың рухы ешқашан өшпейтіні айтылады. Кез келген қиындықтар мен сынақтар, керісінше, бізге одан сайын күш-қуат берді. Алаш рухы мен Қазақ мемлекеті бір — бірінен ажырамайды, олар мәңгілікке бірге өмір сүретін болады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, Кенесары ханға әйгілі Марал ишан сыйға тартқан Құран кітабы табылған. Екі ғасыр бойы бұл Құран қолдан қолға өтіп, ақыры шетелге кетіпті.

«Бейжай қарамайтын адамдардың, меценаттардың көмегінің арқасында біз оны Қазақстанға қайтардық. Құранда Марал ишан мен Кенесары хан мөрлерінің бедерлері бар. Жәдігер отандық және шетелдік ғалымдардың жан-жақты сараптамасынан өтті. Алынған нәтижелер Құранның Марал ишанға тиесілі екендігін және оның Кенесары ханға берілгендігін растайды», — деді президент.

Ата-баба мұрасы құрметке ие және мұқият қорғалуы керек деп санайды.

Ақпарат: t.me/orda_kz 

Фото: elorda.info