Кеңес одағының соңғы маршалы қайтыс болды
Дмитрий Язов тоқсан бес жасында ауыр дерттен Мәскеу қаласында өмірден озды, ол Кеңес одағының маршалы шенін иеленген соңғы әскербасшы
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. КСРО-ның соңғы қорғаныс министрі, Ұлы Отан соғысының ардагері Дмитрий Тимофеевич Язов 95 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды РИА Новости.
Дмитрий Язов Кеңес одағының маршалы шенін иеленген соңғы әскербасшысы ретінде тарихта қалды (1990 жылы). Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін ол Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. 1942 жылдың шілдесі мен 1945 мамыр айы аралығында Волхов және Ленинград майданында взводқа жетекшілік етті.
Язов 1987 жылдың мамырынан 1991 жылдың тамызына дейін КСРО қорғаныс министрлігін басқарды.
Оның жетекшілігімен қарулы күштердің жауынгерлік біліктілігін көтеру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып, Ауғанстан аумағынан кеңес әскерін шығару ісі ұйымдастырылды.
sputniknews.kz