Кеме апатынан 30-ға жуық адам қаза тапты

0
Кеме апатынан 30-ға жуық адам қаза тапты


Виктория көлінде бортында 100 жолаушысы бар яхта апатқа ұшырады.

Сенбі күні Угандадағы Виктория көлінде болған кеме апатынан кем дегенде 29 адам қаза тапты. Бұл туралы жексенбі күні полицияға сілтеме бере отырып, Reuters хабарлады.

Daily Monitor газетінің ақпаратынша, бортта барлығы 100-ден астам адам болған. Оның ішінде 40 адам құтқарылды. Баспасөз құралының жазуынша, құтқарылған адамдар ішінде 1960-жылдары биліктен аластатылған Дауди Васайя патша әулетінің тақ мұрагері бар болып шықты. Із-түзсіз жоғалғандарды іздеу жұмыстары жалғасуда. 

Дереккөз: ҚазАқпарат