«Келші, өзіңді құшақтайыншы»: Атамбаев пен әйелінің қарым-қатынасы жұртты сүйсіндірді
Бішкек қаласында Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев ісінің сот тыңдалымы жалғасып жатыр. Сот отырысы арасындағы үзіліс кезінде оның әйелімен кездескен сәт көптің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.
Судья Мирлан Термешиков журналистерге алғаш сот отырысын видеоға түсіруге рұқсат берді. Осы үшін оған Атамбаев алғыс айтты. Сот процесі ашық өтіп, жиналғандар Атамбаевты қол соғып қарсы алды.
Оған қолдау көрсету үшін келгендер арасында оның жұбайы Раиса Атамбаева да бар. Ол сот отырысы арасындағы үзілісте күйеуімен амандасып үлгерді.
«Келші, өзіңді құшақтайыншы», – деді Атамбаев әйеліне.
Осы кездесу кезінде түсірілген сурет пен видео әртүрлі әлеуметтік желіде тарады.