«Келінжан» сериалының үшінші маусымы басталды (Видео)

0

«Хабар» телеарнасының эфирден «Келінжан» телехикаясының үшінші маусымы басталды. Көрерменнің сүйікті сериалына айналған «Келінжан» халықты жалықтырып алмай ма?

Бұған дейінгі «Келінжан»  телехикаясының екінші маусымы көрерменге ұнаған болатын. Сол кезде жоба жетекшісі Гүлнұр Мамасарипова телехикаяның бірінші маусымындағы барлық кейіпкерлердің басын екінші маусымда біріктіру оңайға түспегенін айтқан еді.

«Негізі Келінжанның екінші маусымын түсіру, түсірмеу туралы көп ойланып, араға бір жыл уақыт салып барып түсіруге бел байладық. Екінші маусымында біз бірінші маусымында болған барлық кейіпкерлерді сақтап қалуға барынша тырыстық. Өте бір күрделі процес болды. Бірақ, сәтін салып, барлығымен келісім-сөздер жүргізіп, ортақ келісімге келдік», — деді жоба продюсері, әрі сценаристі Гүлнұр Мамасарипова.