«Келіншегімнің таққаны хиджаб емес»: Үкілі бала Ерболсын әйеліне қатысты сұраққа жауап берді

0
1226
Сурет: instagram.com/erbolsyn_serikbaev/

Халық арасында «Үкілі бала» атымен танымал Ерболсын Серікбаев орамал тағатын келіншегіне шүйліккендерге жауап берді. Әлеуметтік желіні белсенді жүргізетін жас емші оқырмандарынан шатаспауды сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

«Барлығы пікір қалдырып жатыр. Келіншегіңіз хиджаб киіп, намаз оқиды, неге тырнақ істеп алған деген пікірлер көбейді. Менің келіншегім ешқандай намаз оқымайды, хиджаб кимейді. Ол тұрмыстағы адам болғаннан кейін басынан орамалын тастамайды. Тырнаққа келсек, әйел адамның өз әдемілігі, мен оған өз рұқсатымды бергенмін. 

Шатаспаңыздар, оның басындағы хиджаб емес, жай ғана кимешек. Біздің қазақ халқы әрдайым өз келіндеріне, жұбайларының басына орамал таққан. Олар шаштарын көрсетпей жүреді. Орамал – бір үйдің келіні, тұрмыстағы адам екенін білдіретін киелі зат. Енесі тартқан орамалды келіндері де басынан шешпей жүреді. Дұрыс түсініңіздер», – деді Ерболсын Серікбаев. 

Айта кетейік, Ерболсын Серікбаев – Аралдан шыққан емші бала. 12-13 жасынан бастап адам қабылдай бастаған жеткіншекті іздеушілер көп. Емші қазір Қазақстанның барлық аймағында ем жүргізеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Erbolsyn Serikbaev (@erbolsyn_serikbaev)