Келіншегі хореограф: Қазақстан құрамасының футболшысы шаңырақ көтерді (фото)

0

Қазақстан құрамасының және қостанайлық «Тобыл» клубының футболшысы Роман Асранқұлов үйленді. Бұл туралы Kznews.kz тілшісі хабарлайды.

24 жастағы футболшы Анна есімді арумен отау құрды. Аннаның әлеуметтік желідегі парақшасындағы жазбаларына сүйенсек, ол хореограф. «Құсың құтты болсын, Роман! Біз Роман мен Аннаны қуанышты жаңалығымен құттықтаймыз. Жас отаудың шаңырағына ырыс-құт, береке-бірлік орнасын», — делінген «Тобыл» футбол клубының Instagram желісіндегі жазбасында. Айта кетейік, Роман Асранқұлов – «Тобыл» командасының түлегі. Ол 2020 жылы Қазақстан Премьер лигасында дебют жасады. Ал 2021 жылы қызылордалық «Қайсарға» қарсы кездесуде ҚПЛ-дағы алғашқы голын соқты.

Роман осы жылдан бастап Қазақстан құрамасында да ойнап жүр. Ол ұлттық құрама сапында екі матч өткізіп үлгерді. Футболшы биылғы маусымда «Тобыл» құрамында барлық турнирде 16 ойынға қатысып, 2 нәтижелі пас берді.