Келіннің мойнына арқан салып сәлем салдырғандар көптің ашуын келтірді (видео)

0

Желіде тағы бір ырым-жоралғының видеосы тарады. Жаңа түскен келіннің мойнына арқан салып, сәлем салдырғандар көптің ашуын келтірді, деп хабарлайды kznews.kz сайты stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа». Желіде тараған видеоны көпшілік талқылап үлгерді. Бірі мұны қолдан жасалған десе, енді бірі түк көрмегендік деп бағалады.

Егде жастағы әйел жаңа түскен келіннің басына орамал салып, мойнына арқан салып үйді айналдыра жүргізеді. Келін әр жерде бір сәлем салады. Айнала қоршағандар қошемет білдіріп, видеоға түсіріп жатыр.

Көпшілік мұндай салт жоқ деп таласты.

«Мұндайды көрмеппіз, мұндай салт жоқ», «Бұл қолдан жасалған видео шығар, қазір әдейі түсіреді», «Менің бұл әрекетке миым жетпеді, не мағына сонда? Не үшін мойнына арқан таққан?», «Бұл біздің елде емес, басқа елдің ырым-жырымы», «Бізде болуы да мүмкін, ғажап емес», «Адамдар тас ғасырында қалып қалған ба? Неге осылай жасайды?», «Менің де таңым бар, келінді күң қылудың жолы», «Осыдан соң өмір бойы осылай өтеді байғұс келін», – деді желідегілер.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.