Келгелі екінші болып қалдым: Жұлдыз Әбдікәрімова Қайратқа қатысты жазба қалдырды

0
Жұлдыз Әбдәкәрімова әлеуметтік желідегі парақшасына Қайратқа қатысты жазба жариялады.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Актриса өзінің жолдасы Қайратпен бірге қалжыңдап бейнежазба түсірген.
Көзілдірікпен отырған Қайрат Нұртас: Қандай әдемі, – дегенде Жұлдыз өзіне айтылған деп ойлайды. Алайда Қайрат ол сөзді өзінің су жаңа көлігіне айтқан болып шығады.

Жұлдыз: «Осы келгелі екінші болып қалдым», – деп қалжыңдап жазба қалдырды.

Осылай әзілдесіп видеолар салып, екеуінің бірге жүргендерін көріп оқырмандары дән риза.

«Ма Ша Алла», «Тіл көзім тасқа», «Жандарым», «Алтындарым», «Бақытты болыңяздаршы», «Сіздерді жақсы көреміз», «Вайнға көшсеңдерші», «Жарасымды жұп», – деп пікір қалдырды оқырмандары.