Келесі жылы жүздеген алматылыққа тегін түскі ас беріледі

0

Жобаға қордың шотына ақша аудару арқылы кез келген адам қолдау көрсете алады

АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik.  Алматыда 2019 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін түс ас беру жолдарын кеңейту жоспарланып отыр. Бұл туралы  «Қайырымды түскі ас» жобасының өңірдегі ұйымдастырушысы Расима Темербаева айтты.

«400 адамды түскі аспен қамту жоспарымда бар. Ал қазіргі таңда 134 адамға тегін тамақ беріп жатырмын» — деді жоба ұйымдастырушысы.

Кәсіпкер алдағы уақытта мың зейнеткер мен көп балалы отбасыларды қамтуды жоспарлап отыр, деп хабарлады Аlmaty.tv.

«Мәзір «№5 стол» диетасына сәйкес келеді, өйткені зейнеткерлік жастағы адамдар көбінесе қант диабетінен зардап шегеді. Біз мәзірді әр күн сайын ауыстырып отырамыз. Мысалы, балық котлетін буға пісіреміз, тауық етін және етті көкөністермен бұқтырып  пісіреміз», —деді Р.Темербаева.

Жобаны ұйымдастырушы болашақта тынығу Орталығын ашуды жоспарлап отыр. Оның айтуынша, бұл жоба мұқтаждарды тамақтандыруға ғана емес, қоғамның әлеуметтенуіне де мүмкіндік береді.

Айта кетейік, жобаға қордың шотына ақша аудару арқылы кез келген адам қолдау көрсете алады.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/