Келесі жазда Коктебель музыка апталығы өтеді

0

Әлемдік және ресейлік джаздар тобы, мың бұралған бишілер мен жас рэперлер Қырым жағалауында өнер көрсетеді

МӘСКЕУ, 12 қазан – Sputnik. 2020 жылы өтетін Koktebel Jazz Party және RAP Koktebel фестивалдерінің датасы жарияланды. Қырымның ең көрікті жерлерінің біріндегі әртістер ауылы келесі жылдың 17-23 тамызы аралығында Ресей мен әлемнің музыканттарын, сонымен қатар барлық джаз әуесқойы мен рэп мәдениетін сүйетін жастарды қабылдайды.

17 және 18 тамызда музыка апталығы RAP Koktebel қатысушыларының концерттерімен басталады. Бұдан әрі, 21-23 тамыз аралығында Koktebel Jazz Party аясында джаз тобы мен жас орындаушылар музыкалық эстафетаға қатысады. Фестивальдер арасындағы қысқа аралықта, 19 және 20 тамыз күндері Коктебелдегі сахнада битмейкерлер мен диджейлер, сонымен қатар би батлы өнер көрсетеді.  

«2019 жылы Коктебелдегі екі фестиваль түбектің ең көрнекті музыкалық оқиғасына айналды. Келесі жылы біз ауыл тұрғындары мен қонақтарына музыка аптасын сыйға тартамыз», — деді Koktebel Jazz Party фестивалінің негізін қалаушы, журналист Дмитрий Киселев.

Koktebel Jazz Party 2003 жылы Koktebel джазының негізін қалаушы – журналист Дмитрий Киселевтің жеке бастамасы ретінде пайда болды. Шағын Қырым ауылы бүгінде бүкіләлемдік джаз фестивальдерінің тізімінен ойып тұрып орын алатын шараға атау берді.

Ұйымдастырушылар жұлдызды қатысушылардың есімдерін әдеттегідей құпия сақтап отыр. Әр жылдары фестивальге аты аңызға айналған джаз дағырашы Джимми Кобб (АҚШ), латын джазының ең үздік альбомы үшін «Грэмми» сыйлығын алған Гонсало Рубакальба (Куба), танымал америкалық бас-гитарашы Стэнли Кларк, Club Des Belugas ню-джаз жұлдыздары(Германия), бірегей саксофоншы Роберт Анчиполовский (Израиль), De-Phazz неміс тобы қатысты. KJP-2017 қонағы Ресей президенті Владимир Путин болды.

Rap Koktebel — жастар рэп мәдениеті мен музыкасының фестивалі, ол алғаш рет 2019 жылдың тамыз айының соңында Қырымда өткен болатын. Оның бастамашысы да Дмитрий Киселев болды.



sputniknews.kz