Келелі істің кеңесі

0
62

Ақ пен қара – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Бұлар өзара бірлескенде жеке адамдардың да, тұтас халықтардың да өміріне қайталанбас реңк береді» дей отырып, көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек деген болатын.

Осы орайда жоғарыдағы Елбасы мақаласында атап өтілгендей, ұлтымыздың тарихи танымын тереңдетіп, санасын жаңғыртып, ежелгі мәдени-рухани құндылықтарымызды ұрпақ бойына сіңіру үшін атқарушы тараптардан біршама істер қол­ға алынып жатыр. Мәселен, өткен апта соңында елордадағы Ұлттық музейдің ұйымдастыруымен «Ежелгі өркениеттер тоғысындағы Ұлы дала елі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конферен­ция болып өтті. Аталған басқосуға еліміздің жетек­ші ғалым-мамандары мен шетелдік сарапшылар қатысып, Ұлы дала тарихына байланысты ой-толғамдарын ортаға салды. Осылардың ішінде, әзербайжандық ғалым Махфуза Зейналованың түркі халықтарының тарихи-мәдени ортақтастығы жайлы айтқан тұжырымы, Ботай мәдениетін негіздеуші ғалым-археолог Виктор Зайберт және жас маман Ақан Оңғарұлының Ұлы дала салт аттылары туралы жасаған баяндамалары көптің көңілінен шықты.

Аталған жиынды түйіндеген тарих ғылым­дарының докторы Мадияр Елеуовтің пайымдауынша, бұл реткі басқосуда талқылау нысанына алын­ған  тақыры­бында айтылғандай, Ұлы даладағы ежел­гі өрке­ниеттерді сараптаудың басты бағыттары ай­қын­далды, сонымен қатар мемлекетаралық тұрғы­дан істелуі қажет кейбір жұмыстардың  жоспары нақ­тыланыпты.

Ұлттық музей ұжымы бұған дейін «Алтын адам­ның әлем музейлеріне шеруі» атты үлкен жоба­ның қорытындысын жасаған болатын. Бұл басқосу сол шараның жалғасы іспеттес. Өйткені алдағы жылы Елбасының мақаласы бойынша ауқымды жұмыс­тар жоспарланып, оларды жүзеге асырудың тетігі қаланбақ. Сол себепті бүгінгі конференцияны алда атқарылар келелі істің кеңесі десе де болады.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Дереккөз: http://egemen.kz/