«Кел, келінім» реалити-шоуының 3-ші маусымы басталады

0
162
«Кел, келінім» реалити-шоуының 3-ші маусымы басталады


Жобаның негізгі мақсаты — отбасылық өмірді дәріптеу.

Өкінішке қарай, екінші маусым ұрыс-керістерге, қыз-жігіттер арасындағы түсініспеушілікке, қызғаншақтыққа, теріс қасиеттерге толып, қатысушылар бір-бірінен қатты шаршады. Сол себепті екінші маусымды жоспардан ертерек аяқтауға шешім қабылданды.

«Кел, келінім» реалити-шоу. Қазіргі көрерменді тек шынайылықпен қызықтыруға болады. Көрермен жасандылықтан шаршады.  Үш сағат тікелей эфир!  Сценарий құрып, «сен қазір былай айтасың, жылайсың, күлесің» деп нұсқау берілмейді. Жасыратыны жоқ, адамдар бөтеннің жеке өмірін білгісі келіп тұрады, соған құмар. Өзінің басынан өткеріп жатқанын экраннан көргісі келеді. Өзінің қиын мәселесін өзгенің де басында болғанын қалайды. Көрермен «Бұны ел қалай шешіп жатыр?» деген сұраққа жауабын алады.

Кастингтегі талап:

Қазақ тілін білу. «Кел, келінім» қазақша сөйлеуге мұқтаждық тудырады. Негізгі шарт — ниет!  Үйленгенде мені не күтіп тұр? Соған дайын болғым келеді. Кастинг осы тұрғыдан өткізіледі. Өйткені мақсатымыз —  көрерменге ой салу. Көңіл аударарлық нәрсе: мысалы, жасым 26-да, материалдық тұрғыдан шаңырақ құруға дайынмын. Бірақ белгілі бір жағдайларға байланысты қызбен қатынас құра алмаймын, оның себебін өзім де білмеймін, осы мәселеге көмектессеңіздер. Міне, қатысушылардың тілегі көбінесе осындай. Сен қатыса алмайсың, сен тәрбиесізсің, кемістігің бар деген шектеу қойылмайды. Әркімнің шаңырақ құруға қақысы бар. Жаңа маусым туралы толықтай мына жерден оқи аласыз.