“Кек алу керек, Шерзаттың қасына жерле”: Шерзаттың ағасының соңғы жазған хаты табылды (ФОТО)
Алматы облысының полициясы Талғар қаласының маңында 30 жастағы ер адамның мәйіті табылғанын растады, деп хабарлайды Kznews.kz Alash.kz сайтына сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылу арқылы өз-өзіне қол жұмсаған.
Марқұм ағымдағы жылдың 4 қазанында қайғылы қаза тапқан кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың ағасы екені анықталды.
Тергеу барысында марқұм туыстарының біріне өзіне-өзі қол жұмсау туралы мессенджерде жіберген жазбасы анықталды. Хабарламада ол туысқандарымен қоштасып, жиенінің жанына жерлеуді сұрады.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.
Құрметті азаматтар, тек ресми дереккөздерге сенуіңізді сұраймыз және жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз!”,- деді басшылық.