Кейібір кәсіпкерлер 42500 теңгені тағы алуы мүмкін

0

17 тамыздан бастап мемлекеттік комиссияның шешімімен бірқатар кәсіпорын қайта ашылады. «Атамекен» ҰКП жұмыс істеуге рұқсат етілмеген кәсіпкерлерге 42 500 теңгеден төлеуді жалғастыру қажет екенін мәлімдеді

17 тамыздан бастап жұмысын бастамайтын кәсіпорындарға 42 500 теңге көлеміндегі мемлекеттік төлемді ұзарту ұсынылып отыр. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазір Ұлттық палата қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау көрсету пакетімен қамту үшін ұлттық экономика министрлігімен келіссөздер жүргізіп жатыр.

«Біз қазір мемлекеттік төлемді ұзарту жөніндегі өз ұсыныстарымызды дайындап жатырмыз. Бүгінде қызметтің тағы бірнеше бағыты шет қалып отыр. Мысалы, караоке, тойхана және басқа да бағыттар. Біз онда қанша адам жұмыс істейтіні туралы ақпарат жинап, тексеріс жүргіземіз», – деді «Атамекен» төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар Ұлттық палата кәсіпкерлердің кредитін кейінге қалдыру және қайта қаржыландыру, салықтарды кейінге қалдыру және жалдау ақысын төлеу мәселелерін пысықтауды ұсынады.

Мүфтият: Өлікті өртеуге қатысты пәтуа берілген

Эльдар Жұмағазиев 17 тамыздан бастап жұмыс істеуге тыйым салынған кәсіпкерлер саны едәуір азаятынын атап өтті.

Бұған дейін ҰКП төрағасының орынбасары Қазақстанда карантиннің салдарынан 1,3 миллион адам жұмыссыз қалғанын мәлімдеген еді.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз