Кейбір ата-аналар мектепте мүшеқап таратылуын қолдайтын болып шықты — новости Казахстана

0

Жақында үкіметтің талқылауында контрацептивті заттарды мектепке тарату және 16 жастан бастап ата-ананың рұқсатынсыз түсік жасатуға рұқсат беру туралы мәселе талқыланған болатын. Осы орайда, NUR.KZ Орал қаласының тұрғындары бұл мәлімдемеге қандай көзқараста екенін анықтап көрді.

рррррр

Көрнекі фото: dnevnik.bg

Сауалнама нәтижелері қарама-қайшы болып шықты: азаматтар мүшеқаптарды таратуға қарсы болмай, тіпті оны қолдаған күннің өзінде, олар үлкендердің келісімінсіз түсік жасату идеясына салқындық танытатыны белгілі болды.

«Қандай сұмдық, бас салып мектепке мүшеқаптарды таратпас бұрын, алдымен мектептегі алдын-алудың қандай да бір шараларын жүргізу керек» , — дейді Орал қаласының тұрғыны.

«Мүшеқабы құрысын, бірақ 16 жасында ата-аналарының рұқсатынсыз түсік жасату? Бұдан кейін адам өмір бойы балалы бола алмай қалуы мүмкін, бұған жол бермеу керек», — деп сеніммен айтты екіншісі.

«Мектепте бұл мәселе бойынша жұмыс жүргізілуде, бірақ мұнымен ең алдымен, ата-аналар айналысу керек. Әр баланы анасы мен әкесі арнайы мамандарға апарып, осындай жағдайларды түсіндіруі керек», — деді тағы бір қала тұрғыны.

«Мен түсік жасатуға түбегейлі қарсымын, қызыма тыйым саламын. Неліктен олар аборт жасайды? Оның басқа да жолдары бар ғой».

«Менің пікірімше, бұл дұрыс емес, ата-анамен ақылдасқан дұрыс», — дейді формадағы жас жігіт.

«Мектепте мүшеқаптардың таратылуы дұрыс шығар, ең бастысы, кейінірек мектеп бұдан қандай да бір зардап шекпеуі керек. Бірақ түсік жасату дұрыс емес, ал егер қыз осындай шешімге келсе, онда бұл мәселені ата-анасымен талқылау керек».

Осылайша қазақстандықтардың көзқарасы екіге бөлінді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елімізде оқушылардың жоспарсыз жүктілігін азайту және алдын алу мақсатында мектептерде мүшеқап тегін таратылуы мүмкін екені мәлім болды. Бұдан басқа, Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда кәмелетке толмаған жасөспірімдерге ата-анасының рұқсатынсыз аборт жасауға рұқсат ету туралы ұсынған болатын.