«Кей әншілердің жұлдыздық каприздері бар»: Әншілермен жұмыс істейтін режиссер Мейрамбек Бесбаев жайлы — Қазақстан жаңалықтары

0

Әншілермен бірлесе жұмыс істеп, әр әншінің мінезін жаттап  алған режиссер Азамат Ержанұлы Мейрамбек Бесбаев жайлы ойын айтты. Режиссердің айтуынша, көп әншінің «жұлдыздық менмендіктері» бар көрінеді.

Бұл екпені салдырғандар коронавируспен күресе алады: Дәрігер БЦЖ екпесінің коронавирусқа әсерін атты

Жұлдыздармен жұмыс істеу бәріне оңай тие бермейтін анық. Әр әншінің мінез-құлқын жаттап алған режиссер Азамат Ержанұлы Мейрамбек Бесбаевпен бір рет қана жұмыс істесе де, көңілі толғанын жасырмайды. Режиссер Мейрамбек Бесбаев пен Ғазизхан Шекербектің бірлесіп түсірген әніне бейнебаян түсірген.

«Бұл Мейрамбек ағамызбен алғашқы жұмысым. Көп әншілерде каприз деген болады. Мен халық әртісімін, менің 1 сағат уақытым бар деген сияқты. Бірнәрсе ұсынып, түсіндірсең ұзақ ойланып жатады. Мейрамбек ағада керісінше екен. Тез қабылдайды. Бір идея ұсынсаң, тез ұғына кетеді. Дереу жауабын кесіп айтады. Не болады, не болмайды дейді. Айтқан уақытыңда келеді. Өз міндетін артық  сөзсіз орындайды», — деді режиссер ShowNewsKZ арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, әр әнді талдап, талғап таңдайтын Мейрамбек Бесбаев Ғазизхан Шекербекпен бірге бейнебаян түсірді. Жас әншінің әніне бастапқыда өзі қолқа салғанымен, кейін бірге айтуды жөн көрген екен. 

«Бастапқыда бұл әнді көрсеткенде Мейрамбек аға өзі орындағысы келді. Кейін менің концертіме көмек болсын деп, бірге орындауға ұсыныс айтты», — деді Ғазизхан Шекербек. 

«Достарға» деп аталатын туындының сөзі мен сазын бірден ұнатқан Бесбаев өткен жылдың күзінде Ғазизханның концертінде бірлесе өнер көрсетті. 

Бейнебаян мазмұны мен ән мақамы ерекше бейнебаян тыңдарманның да көңілінен шығып, өз бағасын алуда. 

Тағы оқыңыз:

 

 

stan.kz