Кеденде орын алған заңсыз әрекет әшкереленді

0

Самара кеденшілері Қазақстанға 488 тоннаға жуық бидай мен 67 тонна түйіршіктелген қантты жібермеді. Бұл туралы Ресейдің Федералдық кеден қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Самара кеденшілері Қазақстанға теміржол арқылы 488 тоннаға жуық бидай мен 67 тонна қантты заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті», — делінген хабарламада.

«Орынбор облысының Илецк-1 теміржол станциясында кеденшілер тасымалдауға тыйым салынған жеті вагон астық пен бір вагон қантты тапты. Тауар жіберушіге қайтарылады», — делінген хабарламада.

Ресей Үкіметі 15 наурыздан бастап дәнді дақылдар мен қантты Ресейден экспорттауға тыйым салды. Астықты әкетуге салынған тыйым 2022 жылғы 30 маусымға дейін, қантқа — 2022 жылғы 31 тамызға дейін қолданылады.

«Самара кедені шектеулер енгізілгеннен бері рұқсатсыз жүк тасымалдаған 21 жүк көлігін анықтады. іОның ішінде 20 тонна арпа, 26 тонна тұрмыстық техника, 7,5 тонна автокөлік бөлшектері, 36 тонна трансформаторлар мен олардың құрамдас бөліктері, қоғамдық тамақтану орындарының технологиялық жабдықтары бар», — делінген хабарламада.

(Фото kommersant.ru сайтынан алынды)